Президенттікке кандидаттардың психикалық ауруы бар-жоғы тексеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттікке кандидаттардың психикалық ауруы бар-жоғы тексеріледі

Президенттікке кандидаттардың психикалық ауруы бар-жоғы тексеріледі

Орталық сайлау комиссиясының 19 сәуірде өткен отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева ҚР президенттігіне кандидаттардың 107 психикалық аурудан тұратын медициналық тексерістен өтетінін айтты.

  • 19 Сәуiр 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz жазды. 

"Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен ҚР президенттігіне кандидаттарды тіркеуге кедергі келтіретін аурулар тізімі анықталды. Бұл тізім 107 психикалық аурудан тұрады. Кандидаттың ақыл-ойының, есінің айтарлықтай бұзылуы өзіне де, айналасына да қауіпті. Бұл тізімді жасау мақсатында министрліктің бұйрығымен республикалық ғылыми-зерттеу орталықтарындағы жетекші мамандардан тұратын жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы адамның қимыл-қозғалысы кезінде бұзушылықтар болатын ауруларды талқылап, 107 психикалық аурудан тұратын қорытынды шығарды", — деп айтты Ақтаева.

Вице-министрдің айтуынша, дәрігер-психиатр президенттікке кандидатпен әңгімелесіп, пациентте бар ауруларды анықтайды. Психикалық ауруы бар деген күдігі болса, дәрігер үш адамнан тұратын дәрігерлік-консультативтік комиссияны құрады. Комиссия шешім шығарып, пациентке диагноз қояды.

"Медициналық қорытынды психикалық дәрігердің тексерісінен тұрады. Психиатр кандидатты қарайды, тексереді. Кандидаттың психикалық ауруы бар болса электронды регистрге тіркеледі. Бұл регистрде бүгінде 188 мың адам тіркеуде тұр", — деді Денсаулық сақтау вице-министрі.


Айта кетсек, Қазақстан президенттігіне кандидаттың медициналық анықтамасы үш күн ішінде дайын болады және сайлау біткенге дейін жарамды.

Соңғы жаңалықтар