Путин мен Назарбаев Сочиде ЕАЭО шеңберінде интеграциялық ықпалдасу мәселелерін талқылайды – Кремль
![]() |
РФ және Қазақстан президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев 16 қыркүйек күні Сочиде екі елдің XII аймақаралық ынтымақтастық Форумына қатысады, |
деп хабарлады жұмада Кремльдің баспасөз қызметінен.
Форумның пленарлы отырысы алдында президенттер жеке әңгімелеспек.
Алдағы форумның тақырыбы –«Агроөнеркәсіптік кешен саласында ынтымақтасу және азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету».
Мұндай форматтағы кездесулер жыл сайын ( 2003 жылдан бастап) екі елдің аймақтарында кезекпен өтеді. Бұдан бұрын Атырауда, оның алдында Екатеринборда өткізілген болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін