"Пышағын жалаңдатып жүр": астаналықтарға қауіп төндірген жігіт ұсталды – видео - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Пышағын жалаңдатып жүр": астаналықтарға қауіп төндірген жігіт ұсталды – видео

"Пышағын жалаңдатып жүр": астаналықтарға қауіп төндірген жігіт ұсталды – видео

Нұр-Сұлтан полициясы көшеде пышағын жалаңдатып жүрген 35 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

  • 12 Шiлде 2019
  • 39
Фото - Caravan.kz
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan) on

Тәртіп сақшылары қаруланған жігітті 11 шілде күні сағат 19.00 кезінде Қажымұқан көшесінде ұстаған.

"Полиция қызметкерлерінің заңды талабына ол барынша қарсылық көрсетті. Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын көріп, шалт қимылдаған полиция аға лейтенанты Абзал Жолмахов пышақпен қаруланған ер адамды ұстады", — делінген хабарламада.

Ұсталған жігітті "Алматы" ауданының полиция басқармасына апарыпты.

Белгілі болғандай, Павлодар облысының 35 жастағы тұрғынына қатысты Ақмола облысының полиция департаменті бұдан бұрын жедел іздеу шараларын жүргізген.