Қадыр Мырза-Әліні еске алу кеші - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қадыр Мырза-Әліні еске алу кеші

Қадыр Мырза-Әліні еске алу кеші

Бүгін Алматыда көрнекті ақын Қадыр Мырза-Әліні еске алу кеші өтті. Жазушылар одағы жанындағы «Тағзым» клубы ұлт мақтаныштарын ұлықтауды дәстүрге айналдырған. «Мен замандастарыма жылды бастап берем» деп Фариза мен Тұмағаңдарға әзілдейтін шайырдың туғанына 80 жыл толды.

  • 1 Сәуiр 2015
  • 282
Фото - Caravan.kz

Нұрлан Оразалин, Жазушылар одағының төрағасы:

013108 Қадыр мүлдем ересек, шын мағынасындағы қазақтың ой толғайтын, сыр толғайтын және елдің жүрегіне жол табатын поэзиядан өмірден өткенінше қаламын суытқан емес.

Өткен ғасырда қазақ балалар әдебиеті мен поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақынның жырлары том-том кітап болып басылды. Өнегелі жыр шумақтары афоризмге айналды. Қадыр лирикасының өзегі ұлы сезіммен ұштасып жатты. Ол ұлтқа, елге, адамзат баласының бір-біріне деген махаббаты еді. Биыл қайраткердің мерейтойы өзі туған Жайық өңірінен бастау алып, еліміздің бірнеше аймақтарында аталып өтпек. Жиын барысында тау тұлғаның өнерін насихаттап жүрген бірқатар азаматтар Қадыр Мырза-Әлі атындағы медальмен марапатталды. Кеште маржан жырлар оқылып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды.