Қадыров заңды некеге тұруды тағы да сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қадыров заңды некеге тұруды тағы да сынады

Қадыров заңды некеге тұруды тағы да сынады

Ресейдің Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров "Россия 24" телеарнасына Азаматтық хал актілерін тіркеу мекемесін (АХАЖ) "арам мақсатта құрылған" деп сынады.

  • 25 Сәуiр 2018
  • 25
Фото - Caravan.kz

"АХАЖ не үшін керек? Ол (ер мен әйел — ред.) ажырасқан кезде дүние-мүлкін бөліскенге керек. АХАЖ ол — отбасыны күйрету үшін заң жасап қойған алғашқы тетік" деді Рамзан Қадыров.

"Коммерсантъ" басылымының жазуынша, Шешенстан басшысы көп әйел алуға заңмен рұқсат беру мәселесін көтермек ойы жоғын айтты. "Жаратушының өзі төрт әйел алуға рұқсат берген" деді Қадыров.

Рамзан Қадыров бұған дейін де АХАЖ-ды сынаған. Ол 2017 жылы сәуірде Ресейдің RT телеарнасына берген сұхбатында некені тіркеу "отбасыны бұзатынын" айтқан. 2015 жылы "Интерфакс" агенттігіне сұхбатында ол "көп әйел алу — жақсы, ал көңілдесі көп болғаны — жаман" екенін мәлімдеген.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да мұғалім мектепте босанып, сәбиін дәретханаға тастаған

Ақтөбе облысында жүк көлігінен ер адамның мәйіті табылды

Соңғы жаңалықтар