Жарияланды: 100

Қайрат Қазақстан бойынша "подписчик" жағынан Еркеден озып тұр: Гүлзира Айдарбекова Ерке Есмаханмен бәсекелес пе?

Қайрат Қазақстан бойынша "подписчик" жағынан Еркеден озып тұр: Гүлзира Айдарбекова Ерке Есмаханмен бәсекелес пе?

Гүлзира Айдарбекова Ерке Есмаханмен бәсекелес па?

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Қайраттың анасы және продюсері Гүлзира ханымның басы дауға қалды. Бұл жағдайды бірі түсініп қолдап жатса, енді бір оқырмандар көре алмайсыз Еркені, бәсекелессіз деп кінә тағуда. 

"Әбден шаршадым. Мен тек Қайраттың анасы ғана емес, бүкіл жауапкершілікті мойныма алған продюсерімін дейді Гүлзира ханым.

Желідегі парақшасында Динара есімді оқырман "Еркенің просмотрын көре алмай кеттіңіз ба өздеріңізде ондай болмаған соң. Біреуге сынды бәледей айтасыз. Өздеріңізге шаң жуытпай ақталасыз" деп жазған оқырманына Гүлзира ханым даудың қалай болғанын толығымен жеткізді.

- Қатты қателестіңіз. Үлкен әріппен түгелін жазған екенсіз, блогқа тықпай сізге шындықты түгел айтайын. Show News You Tube арнасы бұл ютуб каналынан журналистер алдымыздан шығып сұхбат сұрап қиылып тұрып алды. Қаршадай баламдай қыз-жігіттер болған соң, жұмыстары ғой көңілдерін қалдырмай ақ қояйыншы деп келістім. Алғашқы сұрақ: Еркенің просмотры миллион, сатып алды деп ойлайсыз ба бұл қалай деді. Мен Еркеге қара жаға алмаймын, қолмен ұстап, көзбен көргенім жоқ, Еркенің де еңбегі бар деп алғашқы сұрақты тәмәмдадым. 2- ші сұрақ. Жоқ, қазіргі кезде сатып алады екен көп адамдар деген әңгіме өрбуде, сіз қалай ойлайсыз деді. Мен, ия ондайлар бар, бізге де ұсыныс түскен, бірақ мен ондайға бара алмаймын, маған ондай жақпайды дедім. Шахизада өз басынан өткен осындай жағдайларды айтты, ойымызда түк арамдық жоқ. 3-ші сұрақ. Неге Еркеде миллион ал Қайраттың клибында ондай просмотр жоқ, әлде Қайраттың құлдырауы ма? деген сұраққа: Мен просмотр дегенді түсінбеймін ол жағын жастар біледі директоры Мира білетін болар. Просмотры Еркенікіндей неге жоқ екенін білмедім, бірақ подписчик жағынан Еркеден де басқалардан да Қазақстан бойынша подписчик болсын, концерт болсын ең көп подписчик Қайратта деп шындықты айттым. Ол рас. Енді 1- ші сұрақтың жауабын түгел қырыққан сөйтіп КН командасы Еркенің миллионын жоққа шығарды деп, басқалардың сатып алуы туралы сұрақтың жауабын Еркеге айтқандай жасап монтаждаған. Ютуб каналының рейтингі көтеріледі, халық жарыса жазса, және барлығы хайп жинап көшіріп өз парақшаларына көшіріп салса.Оларға бұл үлкен табыс әкеледі. 

 Естеріңізге сала кетейік, бұдан алдын Ерке Есмахан Қайрат Нұртастың анасына ренішін жеткізген болатын

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін