"Қалай болса, солай сөйлеймін": Айсәуле Бақытбек өзін сынағандарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қалай болса, солай сөйлеймін": Айсәуле Бақытбек өзін сынағандарға жауап берді

"Қалай болса, солай сөйлеймін": Айсәуле Бақытбек өзін сынағандарға жауап берді

"Кел келінім" бағдарламасының жүргізушісі әрі Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек өзін сынағандарға жауап берді.

  • 27 Қараша 2018
  • 96
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Теледидарда жұмыс iстеудi бастағаннан кейiн күнде мыңдаған көрерменнің пiкiрiн оқып жүремiн. Сiздiң жағымды да, жағымсыз да комменттерiңiз маған шабыт бередi. Күнде тiл байлығымды кеңейтудемiн. Жаман коммент жазып жүрген адамдардың көбiсi "сен тв-да жұмыс iстеуге лайықты емессiң", "фигня дей ма не дейдi?!", "неге орыс сөздерiн қосып сойлейсiң? " деп жазады. Достар, менiн ойлауымша теледидар әлеуметтiк желілерге жеңiле бастаган себебi-цензура. Теледидардан сөйлеген адамдар өте ресми, таза, әрбiр сөзiн мың рет ойлап сөйлейдi. Ал интернетте адамдар ашық, еркiн сөйлей алады. Мен интернеттiң адамы болғандықтан теледидарда жұмыс iстегiм келмедi, пiкiрiмдi ешнәрседен қорыкпай айтуға үйренген адаммын. Бiрақ қазiр мен жұмыс iстеп жүрген бағдарлама менi қыспай, бүкiл ойыңды айта бер деп айтты. Сондықтан мен сiзбен тек инстаграм арқылы ғана емес, теледидар арқылы да дос болгғым келедi. Рөл ойнағым келмейдi, өмiрiмде достармен қалай сөйлеймiн сiздермен де солай сөйлеуге тырысамын" — дейді Айсәуле Бақытбек.

Соңғы жаңалықтар