Қаламқас кен орнындағы өртті сөндіруге көрші облыстардан қосымша күш жұмылдырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаламқас кен орнындағы өртті сөндіруге көрші облыстардан қосымша күш жұмылдырылады

Қаламқас кен орнындағы өртті сөндіруге көрші облыстардан қосымша күш жұмылдырылады

Қаламқас кен орнындағы от жалынын бір сағаттың ішінде ауыздықтауға тырыстық, өкінішке қарай өрттің жалпы көлемі 900 метрге дейін жайылғандықтан оны өшіре алмадық.

  • 26 Наурыз 2019
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасы Владимир Беккер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты.

Жиын барысында Владимир Беккер өртті сөндіру оңай болмай тұрғанын айта келе, көрші облыстардан күш алдыруға бұйрық бергенін айтты.

«Қазірге дейін үш автокөлік келді Астана уақыты бойынша сағат 18.00 тағы да қосымша күш келеді. Сонымен бүгін тағы да өшіруге талпынып көреміз. Мұндай өртті сөндіру қиын болып келеді, бұл әдеттегі өрт емес, оның құрамында түрлі химиялық қоспалар бар әрі жоғары температурада. Желдің үдеп соғуы да жағдайды ұшықтыра түсуде», — деді ол.



Сонымен қатар ол, өртті тиімді сөндіру үшін кешенді дайындық жұмыстары керек екенін жеткізді.

 «Біз дайындықты бастап кеттік, суды жел соғып тұрған жақтан шашамыз. Яғни, суды үздіксіз беру жағын қамтамасыз етуіміз керек, өйткені секундына 300 литр су қажет болады», — деді комитеті төрағасы.