Қалқаманда 4 миллиард теңгеге үй сатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалқаманда 4 миллиард теңгеге үй сатылып жатыр

Қалқаманда 4 миллиард теңгеге үй сатылып жатыр

Алматыдағы екіқабатты жеке үй 4 миллиард теңгеге сатылатыны жайлы хабарландыру ілінген.

  • 2 Тамыз 2018
  • 57
Фото - Caravan.kz

Зәулім екіқабатты үй Алматыдағы Наурызбай ауданы Қалқаман-2 ықшамауданында орналасқан, 50 сотық жері бар. 

"Теңдесі жоқ жаңа резиденция сатылады. Ерекше ұсыныс. Ішкі дизайнын танымал дизайнерлер әрлеген. Спа-зонасы, кинотеатры бар, персоналға арналған бөлме, асхана бар, ашық бассейн, өз теннис корты бар. Орталықтандырылған автоматтандырылған жылыту және жел салқындату жүйесі бар", — делінген Krisha.kz сайтында. Үйдің кірпіштен 2017 жылы қаланғаны айтылады. Ауданы — 2 мың шаршы метр. 


Үйдің суреттерін мына жерден көруге болады.