Қанат Ислам Бауыржан Момышұлы медалімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам Бауыржан Момышұлы медалімен марапатталды

Қанат Ислам Бауыржан Момышұлы медалімен марапатталды

Қазақстандық боксшы Канат Ислам (21-0-0, 18 KO) Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» медалімен марапатталды.

  • 17 Қыркүйек 2016
  • 539
Фото - Caravan.kz

Марапатты кәсіби боксшыға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл табыс етті.

«Қанат Исламнан басқа әлемдік аренада Қазақстанды танытуға үлес қосқан елдің өзге де азаматтары марапатталды», — деді «ҚазАқпарат» тілшісіне спортшының менеджері Берік Сұлтан.

Оның сөзіне қарағанда, қазір боксшы 29 қазанда Алматы Аренада өтетін өзінің келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр. WBA (Interim) нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионының қарсыласы Гана өкілі WBA FedeCaribe белдеуінің иегері Патрик Аллтоей болмақ.