Статистика мәліметтеріне қарағанда, баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда 2,7 пайыз, азық-түлік емес тауарларына — 1,8 пайыз, ақылы қызметтерге — 2,8 пайызға өсті. Ал ағымдағы жылдың басынан бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге 8,7 пайыз, қантқа — 8,5 пайыз, қара шайға — 6,2 пайыз, нанға — 5,8 пайыз, жұмыртқаға — 5,4 пайызды құрады. Сонымен қатар, жаңа жиналған жемістерге баға 5,3 пайызға, күнбағыс майы 5 пайызға, жармаларға, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға 3,9 пайыздан, макарон өнімдеріне 3,6 пайыз, құс етіне — 2,9 пайызға өскен.
Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 7,3 пайыз, тұрмыстық бұйымдарға 3,5 пайыз, шыны және қыштан жасалған өнімдерге 3,1 пайыз, тоқыма бұйымдарына — 2,7 пайыз, жуғыш және тазалағыш құралдарға, жеке қолданатын тауарларға — 2,5пайыз-дан, автомобильдерге — 2,3 пайыз құрады. Сонымен бір мезгілде, баға бензинге 0,8 пайыз, дизель отынына 0,3пайызға төмендеді.
«Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 9,4 пайыз, орталықтан жылытуға — 7 пайыз, ыстық суға — 6,3 пайыз, қоқыс шығаруға — 5,2 пайызға, электр энергиясына, суық суға 4,4пайыздан, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 4,2 пайызға жоғарылады», — делінген баспасөз баянында.