Жарияланды: 440

Қарағанды облысы Нұра ауданында су тасқынынан зардап шеккен 14 отбасы баспаналы болды

Қарағанды облысы Нұра ауданында су тасқынынан зардап шеккен 14 отбасы баспаналы болды

Қарағанды облысы Нұра ауданының Кертінді және Тассуат  ауылдарында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 14 отбасы жаңа үйге көшті,

деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасынан.  

«Қарағанды облысында  көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге үй тапсыру шаруасы жалғасып жатыр.  Нұра ауданында бес ауыл су басу аумағында қалды. Тәуелсіз сараптама нәтижесінде  Кертінді  ауылында 4 және Тассуат ауылында 7 үй (10 пәтер) апаттық жағдайда деп танылды. Жаңа тұрғын үйлер құрылысына 76,9 млн. теңге бөлінді», - делінген хабарламада.

Үйлерді екі мердігер ұйым - «Әлия-Құрылыс» ЖШС мен «Элоим» ЖШС салды. «Бекітілген кестеге сәйкес, 27 тамызда Нұра ауданында  көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің барлығы баспаналы болды», - деп атап өтілді хабарламада.

Сонымен қатар, осыған дейін жапа шеккендер өтемақыға қол жеткізді, үйді жалға алуға да өтемақы төленді.  

Қоныс иелері билікке көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдіріп жатыр.   «Үйсіз қалмайтынымызға сенімді болдық. Су тасқыны және су тасқынынан кейінгі кезеңде де назардан тыс қалған жоқпыз», - деді  Тассуат ауылынан зейнеткері Алексей Ковеза.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін