Жарияланды: 510

Қарағанды облысында 18 вагон шойын жолдан шығып кетті

2003-жылдың 26-тамызында 14 сағат 15 минутта Қарағанды облысының Абай ауданында Қарабас-Михайловка темір жол өткелегінің 749-шы шақырымында А.Шамсиев басқаратын №2411 жүк тасушы поездың 18 вагоны шойын жолдан шығып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Агенттік мәліметіне сәйкес 3 вагонның біріне тәтті-кәмпит , екі вагонға контейнерлер тиеліпті. Зардап шеккендер жоқ. Жол қозғалысы сол күні түнде 02 сағат 36 минутта қалпына келтірілді. Апат зардабын жою жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін