Куәгерлердің айтуынша, апат қас пен көздің арасында болыпты. Төбедегі плиталар тура көрермен залына құлаған. Зардап шеккендер жоқ. 1979 жылы салынған ғимараттың шатыры осыдан 9 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен екен. Дегенмен, одан үнемі су сорғалап тұратын дейді тұрғындар. Апат себебін енді арнайы комиссия анықтайтын болады.
Шахвели Құрбанов, Ғ.Мұстафин ауылы әкімінің кеңесшісі :
— Қазір сараптама жүргізіліп жатыр. Ғимаратты жөндеуге қаражатты аудан әкімдігінің қосалқы қорынан алатын боламыз. Тез арада қалыпқа келтіруге тырысамыз .