Жарияланды: 490

Қарағанды облысында "Экостройсервис" компаниясы жоба құны 234 млн теңгені құрайтын бетон бұйымдарын шығару желісін іске қосты

"Экостройсервис" АҚ бетоннан өнім шығаратын желіні іске қосты, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл желіге жалпы инвестиция көлемі 234 млн теңгені құрайды. Жобалық қуаттылық - жылына 36 мың текше метр бетонды құрайды. "Бұл құрылыс материалдарының артықшылығы - төмен жылу өткізгіштігінде. Арнайы жылу оқшаулағыш материалдар шығару жылу шығынын 10-20 есе қысқартады", - деп облыс әкімі Серік Ахметов кеше өндірісті іске қосу кезінде мәлімдеді. Биылғы жылы аймақта 24 жаңа өндіріс іске қосылады. Олардың жалпы құны 46 млрд теңгеден асады, олар 1900 адамның жұмысын қамтамасыз етеді. "Экостройсервис" 2006 жылы құрылған. 2009 жылыдң қазан айында компания 2 жалпы алаңы 569 шаршы метрді құрайтын бетоннан құрылыс материалдарын шығаратын жаңа зауыт құрылысын пайдалануға берді. Компания 2010 жылдың қаңтарынан бастап бетоннан жасаған бұйымдар шығару және сатуға кірісті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін