Жарияланды: 510

Қарағанды облысында екі полицей жасөспірімге қатысты құқық бұзушылық әрекеті үшін сотталды

Қарағанды облысында Сараң қаласында кәмелетке толмаған екі жасөспірімге қатысты құқық бұзушылық әірекеттері үшін 2 полицей сотталды, деп облыстық сот баспасөз қызметінен хабарлады.

«Сараң қаласының ІІБ қылмыстық полициясының бастығы Вадим Корнякқа және осы бөлімнің оперөкілеттісі Руслан Аукеновке қатысты сот тергеу ісі аяқталды. Сот үкімімен В. Корняк кәмелетке толмағанға қатысты құқық бұзушылық әрекеттерге барған деп танылды (ҚР ҚК 28 бабы, 3 тармағы, 141 бабы, 2 тармағы, «а,г» тармақшасы) және оған жазасын жалпы тәртіптегі колонияды өтейтіндей етіп, 3,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Р. Аукенов те жалпы тәртіптегі колонияда жазасын өтейтіндей 2,5 жылға сотталды», - делінген баспасөз қызметі дүйсенбі күні таратқан хабарда. Одан басқа, сот екеуіне де 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметпен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, және әкімшілік-шаруашылық салада жұмыс істеуіне тыйым салды. «Алдынала тергеу органдарымен полицейлерге азаптау қолданғаны үшін айып тағылды. Биылғы жылы наурыз айында олар кәмелетке толмағанды ұстап, одан ұялы телефонды ұрладың деген айыпты мойындату үшін арнайы аспап – рәзіңке шоқпарды қолданған. Зардап шегушінің денесіне жеңіл жарақат келтіріліп, психикасы жеңіл зақымданған», - деп облыстық сот баспасөз қызметінен түсіндірді. Тергеу болжамынша, полицейлер аталған қылмыс түріндегі көрсеткішті жасанды түрде жақсарту ниетінің жетегінде болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін