Жарияланды: 460

Қарағанды облысында Еңбекпен қамту-2020 бағдарламасы аясындағы ілкі жоба басталды

1 шілде күні Қарағанды облысында мемлекеттік еңбекпен қамту-2020 бағдарламасы аясында ілкі жоба басталды.

Бұл туралы облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында хабарлады. «Облыс әкімдігінің қаулысымен аймақтық комиссия құрылып, бағдарламаның жүзеге асырылуына қатысатын әрбір мемлекеттік орган үшін іс-қимыл жоспары бекітілді. Жер-жерден коммуналды мемлекеттік кәсіпорын үлгісіндегі еңбекпен қамту орталықтары ұйымдастырылды. Олар 1 шілде күні ашылып отыр», - деді облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Жандос Әбішев. «Ілкі жоба 2011 жылға есептелген. Бағдарлама үш бағыт бойынша, атап айтқанда, жұмыссыз адамдарды оқыту және жұмыс табуына көмектесу; ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту; еңбек ресурстарының икемділігін арттыру бағыттары бойынша жүзеге асады. Бағдарламаға қатысушылар мен мемлекет арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады», - деп атап өтті басқарма бастығы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін