Қарағанды облысында обаға қарсы шаралар күшейтілді
Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Серік Сәтековтың бұйрығымен облыстық оңтүстік бөлігіндегі бірқатар елді мекендерде аса қатерлі жұқпалы аурулардың сырттан әкелінуіне жол бермеу мақсатымен төтенше шаралар қолданыла бастады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
Атап айтсақ, Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Қызылорда облысымен шекараласатын Ұлытау ауданында қосымша санитарлық бөлімшелер құрылды. Оба салдарынан қыз өлімі тіркелген Арал қаласынан 100 шақырымдағы Ұлытау ауданы Қарақұм ауылында санитарлық бақылау бекеті құрылды. Ауылға облСЭС мамандары жіберілді.
Қарақұм ауылы жартылай шөлейт аймақта орналасқан, тұрғындар түйе өсірумен айналысады. Бұл жағдай жұқпалы аурудың таралуына қосымша қауіп тудырып отыр.
С.Сәтеков індеттің Қарағанды облысында таралуына жол бермеуге қолда бар мүмкіндіктерді аямайтынын жеткізді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін