Қарағанды облысында қатты су тасқынынан жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында қатты су тасқынынан жолдар жабылды

Қарағанды облысында қатты су тасқынынан жолдар жабылды


"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ хабарлауынша, 4 сәуір күні сағат 21.10-дан бастап республикалық маңызы бар Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолының 49-шы шақырымында су тасуына байланысты көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 5 Сәуiр 2022
  • 33
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Қарағанды-Аягөз-Бұғаз (17-60 шақырым, Қарағанды ​​– Ботақара ауылы) жолының учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ Бастау – Ақтау – Теміртау тас жолы жабылды (12-0-шы км, "Қазмұнайгаз" ЖҚС – Петровка елді мекені).

Бұған дейін премьер-министр Смайылов Қазақстандағы су тасқынына байланысты төтенше жағдайдың себептерін атаған болатын.