Қарағанды облысында вагондардың шойын жолдан шығып кетуіне байланысты отарбалар қозғалысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында вагондардың шойын жолдан шығып кетуіне байланысты отарбалар қозғалысы тоқтатылды

Қарағанды облысында вагондардың шойын жолдан шығып кетуіне байланысты отарбалар қозғалысы тоқтатылды

Қарағанды облысында вагондардың шойын жолдан шығып кетуіне байланысты отарбалар қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Шiлде 2004
  • 431
Фото - Caravan.kz

8-шілде күні түнгі сағат 2-де Қарағанды-Сортировочкая — Қарағайлы бағытындағы жүк тасымалына арналған темір жолдың 22-шақырымында Көкпекті-Ащысу өткелегінде барлығы 61 вагоннан тұратын №3421 поездың 9 жарты вагоны шойын жолдан шығып кетті.

Агенттік ақпаратына сәйкес, Қарағанды-Сортировочная станциясынан апаттық шараларға қалпына келтіруші поезд шақырылды. Оқиға зардаптарын жою жұмыстары 8-шілде күнгі 14 сағатқа дейін жалғасады деп күтілуде.