Жарияланды: 490

Қарағанды облысындағы бір шахтада электр детонаторлары бар орама табылды

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада ішінде 23 дана электр детонаторлары бар орама табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 16 қарашада сағат 00.15-те Қарағанды облысының Октябрь ауданында Костенко атындағы шахтада 30-шы горизонтта жер бетінен 495 метр тереңдікте ішінде 23 дана электр детонаторлары бар пакет табылды. Пакет жер бетіне шығарылып, ІІД қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізуде. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін