Қарағанды облысындағы бір шахтада оқыс оқиғаның салдарынан кенші қаза тапты
Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Қарағанды облысындағы бір шахтада оқыс оқиғаның салдарынан кенші қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 22 қарашада сағат 11.55-те Қарағанды облысындағы "Шахтинская" шахтасында оқыс оқиға болды. №1 учаскенің кеншісі бұрғылау жұмыстары кезінде жарақаттанып, оқиға орнында қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін