Төтенше жағдай бейсенбі күні таңертең сағат төрт кезінде "Арселор МитталТемиртау" тиесілі "Казахстанская" шахтасында болыпты, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.
Бастапқы деректерге сүйенсек, шахтада 136 адам болған, ал төртеуі апатты жерде жұмыс істеген.
"Қазір қолда бар деректер бойынша шахта жұмысшылары үш адамның денесін тапқан", — дейді аталған комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.