Жарияланды: 350

Қарағанды облысының тұрғыны ауласынан адам сүйектерін тауып алды

Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка ауылының тұрғыны үйінің ауласында жерқойма қазып жатып, адам сүйектерін тауып алған, деп хабарлайды облыстық ІІД.

«38жастағы тұрғын жерқойма қазып жатып, 1,5 м тереңдікте адам сүйектерін тауып алған», - делінген дүйсенбі күні облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Полицияның хабарлауынша, ер адамның бұл үйде тұрып жатқанына 5 жыл болыпты. «Сүйектер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қорытынды алынған соң процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін