Қарағанды-Аягөз тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 адам қаза тапты
Қарағанды-Аягөз тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 адам қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен. |
Кеше кешкісін Қарағанды обылсының Қарқаралы ауданында «Қарағанды-Аягөз» автожолының 190-шақырымында «Опель» және «Хонда» көліктері соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің де жүргізушілері және олардың 6 жолаушысы сол жерде қаза тапты. Қаза болғандардың екеуі - 10 және 7 жастағы балалар. Сонымен қатар екі көлікте болған 57 жастағы азаматша мен 11, 7 және 2 жастағы балалар ауруханаға жеткізілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін