Қарағандыда 1 млн. теңгені жымқырған банк қызметкері қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда 1 млн. теңгені жымқырған банк қызметкері қамауға алынды

Қарағандыда 1 млн. теңгені жымқырған банк қызметкері қамауға алынды

Қарағанды облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті банк саласындағы заң бұзушылық деректері бойынша қылмыстық істер қозғады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 377
Фото - Caravan.kz

Осындағы бір коммерциялық банктің қызметкері 1,1 млн. теңгені қолды болдырғаны үшін қамауға алынды. Кәсіби жоғары білікті, электрондық транзакцияларды жүзеге асыруға машықтанған қызметкер банктің POS-терминалын пайдаланып, қаржыны өз есепшотына аударып алған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар тағы бір коммерциялық банктің валюталық операциялар жөніндегі кассирі электронды бухгалтерлік есеп беру әдістерін пайдаланып 400 мың теңгені иемденіп алған. Банк қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Банк басшылықтары мен тиісті қызметтері беті ашылған деректерге терең талдау жасап, банк қаржысына қол сұғуға мүмкіндік беретін әрекеттерге қарсы тиімді шаралар қолдана бастады, деп хабарлайды облыстық департамент.

Соңғы жаңалықтар