«28 мамырда сағат 16-00 шамасында Қарағандыда Мира желекжолында жедел іздестіру әрекеттерін жүргізу барысында кісі өлтіргені үшін 8 жыл іздестіруде жүрген ер адам ұсталды. Одан тапанша тәркіленді», — деді облыстың ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков.
Полицияның ақпаратына сүйенсек, ұсталған ер адам 2006 жылы Қарағанды дәмханаларының бірінде кісі өлтірген.