Жарияланды: 450

Қарағандыда арнайы комиссия жедел жәрдемнің жұмысын тексеруде

Депутаттардан, «Нұр Отан» партиясының мүшелерінен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінен құралған арнайы комиссия қызметкерлері денсаулық сақтау министрінің блогына шағымданған жедел жәрдемнің жұмысын тексеріп жатыр.

«Бізде бригадалар толық жасақталмаған, дәрігерлер жетпейді, бригадалардың саны қысқарды. Қазір «жедел жәрдемде» негізінен аз ақша төленетін фельдшерлер қалды. Бірақ фельдшер дәрігер емес, ол қажет көмекті кез-келген жағдайда көрсете алмауы мүмкін. Кейде бізге реанимация жасауда жүргізушілер көмектеседі, өйткені білікті кадрлар жетіспейді», - дейді жедел жәрдем кәсіподағының төрайымы Ирина Гура. «Бізде аппаратура, дәрі-дәрмек, қолғап жетіспейді. Әр шақыруға бір жұп қолғап болуы тиіс, ал бізде соның өзі жоқ», - деді ол. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметкерлері еңбекақының да азайғанын хабарлады. Жүргізушілер жедел жәрдем автопаркіндегі көліктердің бәрінің пайдалану мерзімі өтіп кеткенін айтып, шағымданды. Олар көліктерді жөндеу үшін өз ақшаларын жұмсауға мәжбүр. «Қарапайым майдың өзін бермейді. Бұл көліктерді әрең дегенде тартып келеміз, әрбір жүргізуші қосалқы бөлшекке деп ақша береді, өзіміз жөндейміз. Үш жылда өзіміздің бүкіл қорымызды жұмсадық», - деп ашынды жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі Евгений Раздымаха.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін