Қарағандыда әскерге шақыртылған сарбаз атылып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда әскерге шақыртылған сарбаз атылып өлді

Қарағандыда әскерге шақыртылған сарбаз атылып өлді

Қарағандыдағы №6505 әскери бөлімінде тағы да оқыс оқиға!

  • 21 Ақпан 2019
  • 50
Фото - Caravan.kz

Онда бүгін таңсәріде оққа ұшқан сарбаздың денесі табылды. Бұл жолы да қаза тапқан жаңа шақыртылған жап-жас жауынгер. Әскерилер оны да «өзі атылып өлді» деп отыр. Дегенмен, қаралы хабардан қабырғасы қарс айырылған туыстары сарбаздың суицид жасағына сенбейді. Себебі, марқұм алдыңғы күні ғана үйіне хабарласып, әскери өмірдің ұнап жатқанын айтқан.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бұл суретке Әліби қаңтардың он екісі ғана түскен екен. 18 жастағы сарбаз сол күні Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуге ант еткен. Енді арада бір ай өтер-өтпестен командирлері «денесін алып кетіңдер» деп бүгін таңғы сегізде хабарласыпты.

Таңатпастан суыт хабар естіген ана есінен қайта-қайта танған. Ал жетпістегі әжесі болса, сенбей немересіне қоймай қоңырау соғып отыр. Айтуынша, жақында ғана әскерден хат алған екен. Онда сарбаз Ұлттық Ұланды жер-көкке сыйғызбай сипаттап, командирлерімен мақтанған. Одан қалды, алдыңғы күні ғана анасына қоңырау шалып, әскери өмірдің ұнап жатқанын айтқан. Дегенмен, солай деген сарбазды басшылары «суицид жасады» деп сендіріпті.

Гүлнәр Күндібаева, туысы:


— Ол өзіне қол салмайды. Тәрбиесі жақсы бала. Әскерге баруды армандайтын. Кейін әскери адамнемесе полиция қызметкері болам деп жүретін.

Ал оқиға Қарағандыдағы АК 159/7 түзеу мекемесінде мына мұнараның ішінде болған. Оққа ұшқан сарбаздың денесі таңғы 7-40-та табылыпты. Айналасы жиырма минуттың ішінде сараптама жасап тастағандай, әскери бөлімдегілер «бала өз-өзін атып өлтірді» деген шешім шығарып қойған дейді туыстары.

Мақсұт Жүсіпбеков,  6505 әскери бөлім командирінің орынбасары м.а:

— Қатардағы Әліби Сапа өз-өзіне қол-жұмсап, қару арқылы мерт болғаны анықталды. Көңіл-күйі жақсы болған еді. Кенеттен болған жағдай. Ондай ойы жоқ болатын. Бәріміз таңқалып отырмыз.

Жалпы, 6505 әскери бөлімдегілер жауынгерлерінің өліміне жылда таң қалып жүрсе керек. Өйткені, 2013-те де, 2014-те де мұнда бірнеше сарбаз өлген. Онда да өз-өзіне қол жұмсады делінген. Оның біреуі асылған күйі табылса, қалғаны оқ жарақатынан өлген.  Ал 18 жастағы Әліби Сапаның қазасына қатысты тергеу басталып та кетті.

 

Соңғы жаңалықтар