Қарағандыда аудандық АХАЖ басшысы шетелдіктердің ҚР азаматтарымен жалған некелерін тіркеп отырған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда аудандық АХАЖ басшысы шетелдіктердің ҚР азаматтарымен жалған некелерін тіркеп отырған

Қарағандыда аудандық АХАЖ басшысы шетелдіктердің ҚР азаматтарымен жалған некелерін тіркеп отырған

Қарағанды. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда Октябрь аудандық Азаматтық хал актілерін жазу (АХАЖ) бөлімінің басшысы шетелдіктердің ҚР азаматтарымен жалған некелерін тіркеп отырған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҰҚК департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Маусым 2008
  • 523
Фото - Caravan.kz

«Қарағандының АХАЖ Октябрь бөлімінің басшысы ақшалай сыйақы үшін қызметтік жалғандыққа барып, шетел азаматтарының ҚР азаматтарымен жалған некелерін тіркеуге алған. Осылайша ол шетелдіктердің облыс аумағында тұруының заңды болуына жағдай жасаған», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Жалған неке құжаттары кейіннен ҚР уақытша тұру куәлігін алу үшін негіздеме ретінде пайдаланылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті