Жарияланды: 390

Қарағандыда "Босқын-2003" атты штабтық оқу-жаттығулар басталды

Бүгін, 26-тамызда Қарағандыда "Босқын-2003" атты штабтық оқу-жаттығулар басталды. Оны облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы ұйымдастырып отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі . Шараға төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс қызметтері, қалалық және аудандық эвакуациялық комиссиялар мен Қызыл жарты ай қоғамы комитетінің өкілдері жұмылдырылды.

Жаттығулар барысында босқындарға арнап шатыр қалалар құру және оның жұмыс істеуіне жағдай жасау, қайырымдылық көмектер жеткізу, босқындар қалашығын азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеттері жүзеге асырылады. Оқу-жаттығулардың жетекшісі, подполковник Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, "Азияның оңтүстік бөлігіндегі шиеленісті ахуалға және лаңкестік қауіптің арта түсуіне байланысты еліміздің шекаралық аймақтарында көші-қон күшейе түсуде". Оқу-жаттығуларын өткізушілер басқарушы мекемелер, эвакуациялық комиссиялар мен басқа да қызметтердің босқындарды қабылдау және оларды орналастыруға әзірлік деңгейін тексермек ниетте. Оқу-жаттығулар үш күнге созылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін