«6 қыркүйекте Қарағанды орталығындағы автотұрақтардың бірінде екі ер адам 55 жастағы жеке кәсіпкерді ұрып-соққан. Олар кәсіпкерді тапаншаға ұқсайтын затпен қорқытып, ақшасын алмақ болған», — делінген хабарламада.
Қарағанды қ. ІІБ Орталық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары жедел-іздестіру шаралары барысында 38 және 25 жастағы екі күдіктіні ұстады.
«Ұсталғандар шабуыл жасағанын мойындады, дәйек заттар тәркіленді. Сонымен қатар олар бір күн бұрын ер адамды тонап, оның қол сағатын қолды еткенін айтты», — делінген хабарламада.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.