Қарағандыда екі саяжай қоғамында ірі өрт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда екі саяжай қоғамында ірі өрт болды

Қарағандыда екі саяжай қоғамында ірі өрт болды

Қарағандыда құтқарушылар бір тәуліктің ішінде саяжай қоғамдарындағы ірі өрттерді сөндірген.

  • 9 Қазан 2015
  • 645
Фото - Caravan.kz

Өрт салдарынан 50-ден астам құрылыс бүлінді, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

«8 қазан күні сағат 13:45-те Қарағандыдағы «Елочка» саяжай қоғамының аумағынан өрт шықты. 10 га аумақта қураған ағаш-шөптер, қоқыс, ағаш қоршаулары, 13 тұрғын және иесіз қалған 23 саяжай үйі отқа оранды», — делінген хабарламада.

Оқиға орнына облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 32 адамы мен 9 техникасы жіберілген. Тілсіз жауды ауыздықтауға алты сағатқа жуық уақыт кетті.

Ведомствоның ақпаратынша, 9 қазан түнінде осыған ұқсас жағдай «Дружба-2» саяжай қоғамында орын алған. Өрт аумағы 10 га жерді құраған. Өрт салдарынан 16 саяжай үйі бүлінді. Тілсіз жаумен күресте өрт сөндіру қызметінің 41 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылған.


Құтқарушылардың мәліметтерінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. 
2