Қарағандыда көшеде нәрестенің мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда көшеде нәрестенің мәйіті табылды

Қарағандыда көшеде нәрестенің мәйіті табылды

Қарағандыда жергілікті тұрғын көшеде нәрестенің мәйітін тапты.

  • 10 Сәуiр 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

9 сәуірде Қарағандының Киров полиция бөліміне қаланың 26 жастағы тұрғынынан хабарлама түсті. Ер адам гаражға іргелес аумақты тазартып жатқанда баланың мәйітін тапқанын айтты.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, жаңа туған ұл баланың мәйіті пакетте жатқанын көрді. Нәрестенің денесінде жарақаттар болмағаны хабарланды.

Полицейлер жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен сауалнама жүргізіп, сәбидің анасын табу бойынша жедел-іздестіру шараларын бастады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалды.