Жарияланды: 490

Қарағандыда медицина қызметкерлерінің ІХ облыстық спартакиадасы өтті

Қарағандыда медицина қызметкерлерінің ІХ облыстық спартакиадасы өтті.

Кәсіби мерекеге орайластырылған дәстүрлі шара биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды, деп хабарлады ұйымдастырушылар. «Медиктер арасындағы спартакиада 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы аралықта, салауатты өмір салтын насихаттауға арналған мемлекеттік саясаттың арқасында, өңірімізде спорттық алаңдар, аула клубтарының саны көбейді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қарағандыда жаңа спорт нысандарын ашу жоспарлануда», деп атап көрсетті облыстық салауатты өмір салты насихаттау орталығынан. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, облыс аудандары мен қалаларында өткізілген іріктеу турларының қорытындысы бойынша финалға 600-ге жуық адам шықты. Спартакиадаға қатысушылар жеңіл атлетика, волейбол, аралас эстафета, арқан тарту, шахмат, үстел теннисі сияқты спорт түрлері бойынша күш сынасты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін