Қарағандыда оралмандарға пәтер сатып алуға арналған тендерлік байқау өтті
Қарағандыда оралман отбасылар үшін коммуналдық меншікке пәтер сатып алуға арналған тұңғыш тендер өткізілді. Қарағанды облыстық коммуналдық меншік департаменті басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлауынша, тендерлік байқауға жеке тұлғалардан 53 өтініш түскен. Байқаудың басты шарты - тұрғын үй ахуалының жақсылығы мен коммуналдық қызмет үшін берешектің жоқтығы болып табылады. |
Департамент жалпы алғанда 560 репатриант отбасына арнап үйлер мен пәтерлер сатып алуды көздеп отыр.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 110 млн. теңге бөлінген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін