Қарағандыда Қазақстан-герман сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының 5 отырысы өтеді
29-30 маусымда Қарағандыда Қазақстан-герман сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының 5 отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов мәлім етті. |
Оның атап өтуінше, отырыста Қазақстан тарапына Индустия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау, ал Германия тарабынан Федералдық экономика және технология министрінің орынбасары Карл-Эрнст Браунер өкілдік етеді.
«Мәжіліс аясында тараптардың арасында экономика, технология және инвестиция салаларындағы екіжақты серіктестіктің дамуы мен келешегі, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау мәселелері талқылануы жоспарланған», - деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін