"Перзентханаға түскен əйел вакцина салдырмаған болып шықты", деді ол журналистерге.
Министр инфекцияның таралу кезеңі қарашаның басынан ақпан айының соңына дейін жалғасатынын еске салды.
"Осындай жағдайларды болдырмау үшін біз тұмау таралмай тұрып вакцина саламыз. Биыл 1 млн 700 адамға екпе егілді", — деді Т.Дүйсенова.
Айтуынша, қазіргі таңда еліміз бойынша тұмау жұқтырған 165 адам ауруханада жатыр.
Өткен сейсенбіде Қарағанды облысының клиникалық ауруханасында тұмау жұқтырған жүкті əйел қайтыс болды. Тұмау вирустық бактериалды пневмониямен асқынып кеткен.