Қарағандыдағы зардап шеккен ҚТЛ оқушыларының ата-аналары арыздарын қайтып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы зардап шеккен ҚТЛ оқушыларының ата-аналары арыздарын қайтып алды

Қарағандыдағы зардап шеккен ҚТЛ оқушыларының ата-аналары арыздарын қайтып алды

Қарағандыдағы Қазақ-Түрік лицейінде тәрбиеленушілер арасындағы төбелес нәтижесінде

  • 9 Қазан 2015
  • 479
Фото - Caravan.kz

зардап шеккен балалардың ата-аналары журналистерге баспасөз конференциясын өткізді, деп жазады Today.kz.

Баспасөз конференция кезінде ата-аналар оқу орнына ешқандай шағымы жоғы және арыздарын полициядан қайтып алғаны белгілі болды. Сондай-ақ, олар оқиғаны журналисттердің өздері "үрлеп" жіберген дейді.

"Иә, төбелес болды, біз оны растаймыз, — дейді Нұршат Жұмалиева. – Бірақ ол балалар ғой, оның үстіне ұлдар. Алайда, ешқандай жүйелі соққыға жығу мен ақша жинау болған емес.


Естеріңізге салсақ, мұның алдында Қарағанды облысының Білім басқармасы лицейде төбелес болғанын мәлімдеген. Оның үстіне ата-аналар БАҚ өкілдеріне балаларды ұрып қана қоймай, оларды стриптиз билеткен деп айтқан. Қазақ-Түрік лицейінің директоры даудан кейін жұмыстан босатылған.

Кейін, зардап шеккен балалардың бірінің ата-анасы балалар соққы мен ақша жинауды баяғыдан бастан өткізіп келеді, ал зорлық көрсетуші шенді адамдардың баласы деген болатын.

ҚР білім министрі, оқиға жайында баяндай отырып, білім мекемесінде алдын алу шаралары күшейтілгенін айтқан.