Өзінің бұл жағдайын Валентина Ивановна кездейсоқ білді. Қарашаның басында ағасын жерлегеннен кейін оның өлімі туралы анықтама алу үшін ХҚҚО-ына барған болатын.
— Көзімді салып тұрмын, қызмет көрсетіп отырған қыз маған біртүрлі қарайды, — деп әңгімеледі Валентина Ивановна. — Біреуді шақырып келді, одан кейін тағы біреулер келді. Бәрі біресе компьютерге қарайды, біресе маған қарайды, содан кейін «Шынында сізбісіз?», деп сұрады. Мен бөркімді шештім де: »Немене, ұқсамаймын ба?», — деп сұрадым. Әлдебір алаяқтар менің құжаттарыммен үлкен несие алған шығар деп шошып кеттім. Бір уақытта барып, «Сіз бізде өлгендер қатарында тіркеулісіз» деді. Мен не болғанын білмей, есімнен танып қалдым. Шығып, бірден күйеуіме шаптым. Ештеңе айта алмаймын, дірілдеп кеттім.
Валентина Ивановнаға он күн күтуге кеңес берді және қатені түзейміз, міндетті түрде «тірілтеміз» деп сендірді. Ал ол бір айдан кейін зейнеткерлікке шығуы қажет еді. Ол тезірек құжаттарын жинастыруы тиіс. Бірақ та қайда барса да, бас тартады. Соңғы рет ол зейнетақы салымдары үшін есепшот ашқысы келген, оған «біз өлген адамдарға қызмет көрсетпейміз», депті.
Валентина Ивановна 12 жылдан бері марқұмдар қатарында екені анықталды. Ол 2002 жылы 45 жасқа толуына байланысты жеке куәлігін ауыстырмақшы болған, бар пәле сол кезде басталған. Содан бері ол заңсыз өмір сүрген сияқты болып тұрды. Әдетте ол ешқайда шыға бермейтін, үй шаруашылығымен айналысатын, сыртқы шаруаларды күйеуі тындыратын еді. Ол өзінің азаматтық құқығын қалпына келтірмекші болып еді, мемлекеттік төрешілдік машинаның қасаңдығынан зардап шекті.
— Біз, әрине, одан кешірім сұрадық, — дейді көші-қон полициясы бөлімінің аға инспекторы Әлия Омарова. — Егер біз бұл жағдай қазіргі күні болса, мәселені тез шешер едік. Ал 10 жыл бұрын үлкен қателік жіберілген. Бұрынғы куәлікті екі жылдан кейін қателесіп, қайтыс болуына байланысты деп жойып жіберген. Ол кезде құжат ауыстыру көп болды. Сондай абыр-сабыр кезде қателік кетіп тұр. Енді қазір біз әріптестерімізді асықтырудамыз.
Ал енді Қарағандының тағы бір тұрғыны Надежда Чурсина бір жыл бойы өзінің Қазақстан азаматы екенін дәлелдей алмай жүр. Ағасы өлгеннен кейін мұрагерлік құқығын қуалаған. Ал нотариусқа барса, өзінің басқа елге тұрақты мекенжайына кеткені анықталған. Қайда кеткені тағы белгісіз. Солтүстік Қазақстан облысындағы ХҚКО шатастырған бәрін. Бұлын сол жақта тұрған болатын. Енді дәлелдеу қиынға соғып тұр. Өңіраралық хат алмасу ұзаққа созылуда. Жақында балалы болып, ай сайынғы жәрдемақыға әрең қол жеткізді.