Қарамағындағы келіншекке қырындаған шалқарлық шенеунік айыппұлмен құтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарамағындағы келіншекке қырындаған шалқарлық шенеунік айыппұлмен құтылды

Қарамағындағы келіншекке қырындаған шалқарлық шенеунік айыппұлмен құтылды

Ақтөбе облысында қарамағындағы келіншекке қырындап қызметінен қуылған салық басқармасының бұрынғы басшысы енді айыппұл төлейтін болады. Судья Жұмағазы Жұмабаевты өзінің орынбасары мен салық инспекторының ар-намысына тигені үшін 400 мың теңге өтеуге міндеттеді.

  • 29 Мамыр 2014
  • 190
Фото - Caravan.kz


Шалқарлық шенеуніктің өзінің орынбасарына көңілі кетіп, басы балеге қалған болатын. Қарамағындағы келіншекке ғашықтық хаттарын жазып, ақыры оның отбасының ойранын шығарды. Бұдан соң алпысты алқымдаған Жұмабаевтың ерсі қылығы тәртіптік кеңес пен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында талқыланады. Салықшы жай жүрмей, сол отырыста қарамағындағы қос келіншекті жеңіл жүрісті деп айыптаған. Енді бұл сөзі үшін төрт жүз мың теңге айыппұл төлейтін болды. Ақшаны ар-намысы тапталғандығы туралы арыз түсірген аудандық салық басқармасы басшысының орынбасары мен инспектор өзара бөліп алады.