Қараша айының басында Сәтпаев шахтасында болған жарылысқа кінәлілер анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қараша айының басында Сәтпаев шахтасында болған жарылысқа кінәлілер анықталды

Қараша айының басында Сәтпаев шахтасында болған жарылысқа кінәлілер анықталды

 4 қараша күні Сәтпаев қаласындағы Оңтүстік-Жезқазған шахтасында орын алған жарылысқа үңгушілердің техника қауіпсіздігі талаптарын бұзуы түрткі болған.

  • 2 Желтоқсан 2014
  • 383
Фото - Caravan.kz


Шахтадағы жарылыс себептерін нақтылаумен айналысқан комиссия мүшелері осындай байлам жасап отыр, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаменті жетекшісінің орынбасары Владимир Пфаргер.
Оның айтуынша, көмір өнеркәсібі саласы сарапшылары жарылғаш зат шахтерлердің абайсыздығынан іске қосылған деген қорытындыға келіп отыр.
«Аталған учаскеде ұңғы теспе бұрғыланбаған болатын. Шахтерлер оған жарылғыш зат орнатып, содан соң теспені бұрғылап алмақ болған. Салдарынан жарылғыш зат іске қосылған», — дейді В.Пфайфер.
Бұрын хабарланғандай, 4-қараша күні жергілікті уақыт бойынша 3.30-да ОЖ кенішіндегі №65 забойда жарылыс болған-ды. Салдарынан бір үңгуші қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді.