"Қаражатымыз жоқ дейтін болсаңыздар, кино түсірмей-ақ қойыңыздаршы": Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықоваға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қаражатымыз жоқ дейтін болсаңыздар, кино түсірмей-ақ қойыңыздаршы": Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықоваға жауап берді

"Қаражатымыз жоқ дейтін болсаңыздар, кино түсірмей-ақ қойыңыздаршы": Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықоваға жауап берді

 Сазгер, көпшілікке "Таптым-ау сені" әні арқылы танылған әнші Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықованың фильміне не себепті өз әнін бермегенін түсіндірді.

  • 14 Қараша 2023
  • 2304
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жазбай-ақ қояйын деп едім, қоймадыңыздар.
 Алғашында бұл кісілерге ренжігенім рас. Маған егер дұрыс подходпен келсе, мен ешкімнен ешқашан әндерімді қызғанған емеспін. Оны кино саласында жүргендердің бәрі де білетін шығар. Барлық фильмдерге әндерім тегін кетеді. Жобамен 10-ға жуық фильмде әндерімнен үзінді бар, біреуінен де ақша сұраған емеспін. Бұл — бір. Екіншісі — мен бұл кісілерге продюсер-спонсор болған үлкен апайымызға "Мейлі, әнді ала беріңіздер, қарсы емеспін. Ақшаның керегі жоқ"- деп айтқанмын негізі. Енді неге қоспағанын және бағдарламаға келіп, әпкеміздің неге осылай айтып отырғанын түсінбедім.
 Ал, жалпы мен әндерімді ешкімге беруге міндетті емеспін. Сосын бір айтарым бар: "Мен өз ақшама кино түсіріп жатыр едім. Қаражатымыз жоқ, көмек беріңізші" дейтін болсаңыздар, кино түсірмей-ақ қойыңыздаршы. Мен музыканттарыма барып "концертімді өзім жасап жатыр едім маған тегін ойнап беріңдерші немесе жарықты тегін қойып, видеоны тегін түсіріп беріңдерші" деп айтқан емеспін. Ол дұрыс емес.
 Кейбір доспыз-ау деген кино түсіріп жүрген азаматтарға мен ұйықтамай отырып, арнайы авторлық әндер жазып беріп те жүрмін. "Рақметіміз бар" деп жоқ болып кеткендерді атын айтпай-ақ қояйын. Не десеңдер де арым таза. Аман болыңыздар", — деп жазды әнші.

Соңғы жаңалықтар