Қар астанды қалған елордалықтар желіде кешелі бері күннің суытуына қатысты сурет пен видео салып, көпті елеңдетіп қойды. Қала тұрғындары әсіресе жолды жөнді тазартып үлгермей жатқан әкімдік пен коммуналдық қызмет мамандарын жаппай сынға алды.
«Ұлы Дала, Мәңгілік ел» сияқты басты даңғылдардардың өзі қардың астында қалды, «әкімдік қайда қарап отыр?», «Жаңа әкімнің жұмысын көрсететін кез келді», «Тағы қыс келді» деген осы шығар деп жазды олар.
Сонымен бірге желіде қала ішінде атпен жүрген ер адамдардың видео тарады. Көпшілік екеуін қалаға көлікпен жете алмай, атқа отырған адамдар деп болжады.
Айта кетейік, синоптиктер Астанада осы аптада күн жылынады деп болжап отыр.