Қаржы министрілгі сырттан келетін өнімдерді таңбалауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрілгі сырттан келетін өнімдерді таңбалауды ұсынды

Қаржы министрілгі сырттан келетін өнімдерді таңбалауды ұсынды

Бүгін тағы бір құжат сенаторлардың талқысына түсті. Дәлірек айтқанда, Қаржы министрілгі контрабандалық тауардың үлесін азайту мақсатында сырттан келетін өнімдерді таңбалау керек деген ұсыныс айтып отыр. Алғашқы пилоттық жоба теріден жасалған бұйымдарға қатысты қолданылуы мүмкін. Ішіктер мен бас киімдерде арнайы QR-код жазылады. Сол арқылы тауардың қайда, қалай және қашан жасалғанын білуге болады. Қаржы министрінің орынбасары Ардақ Теңгебаевтың айтуынша, бұл жаңашылдық тауар құнына әсер етпеуі тиіс. Әр таңбаның құны шамамен 1 доллар шамасында болмақ.

  • 8 Ақпан 2016
  • 278
Фото - Caravan.kz


Ардақ Тенгебаев, ҚР Қаржы вице-министрі:

— Тауар жөнінде толық ақпарат осы таңбаға енгізіледі. Біз біріңғай экономикалық аймақтамыз, сондықтан сырттан кіретін тауарларды қатаң бақылау қажет. Еуразиялық экономикалық одақтағы барлық тауар өнідірісі заңды болуы тиіс.