Қашқын олигархтардың мал-мүлкі сот үкімінсіз-ақ тәркіленетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашқын олигархтардың мал-мүлкі сот үкімінсіз-ақ тәркіленетін болды

Қашқын олигархтардың мал-мүлкі сот үкімінсіз-ақ тәркіленетін болды

Қашқын олигархтардың мал-мүлкі енді соттың үкімінсіз-ақ тәркіленеді. Бүгін Мәжілістегілерді Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель жаңа Қылмыстық Кодекске енген бірқатар өзгерістермен таныстырды.

  • 25 Қазан 2013
  • 338
Фото - Caravan.kz


Иоган Меркель, ҚР  Бас прокурорының бірінші орынбасары:

— Кейбір жағдайда соттың үкімісіз де әрекет етуге тура келеді. Мысалы, БТА банкінің шетелге қашып кеткен басшыларын соттай алмай отырмыз. Сондықтан олардың қазынадан ұрлаған бар мүлкін сотсыз процесінсіз мемлекетке қайтаруға тура келеді. Егер бұған азаматтың қарсылығы болса, елге келсін де сотқа арыз жазып, өзіне тиесілі заңды мүлкін қайтарып алсын.

Қылмыстық Кодекстің жаңа жобасында жемқор шенеуніктердің де басына қара бұлт болып үйірілмек. Енді заң бойынша сұғанақтар мемлекеттік қызметке қайта жолай алмайды және бар шені мен марапатынан айырылады. Сондай-ақ ащы суға сылқия тойып алып, адам қаққандарға да жаза қатаймақ. Егер ішімдік ішіп алған жүргізушінің кесірінен 1 адамның өмірі қиялса 7 жылға, екі адамды жер жастандырса 12 одан көп жолаушының қаны төгілсе 15 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал, Конституциямыздың ережесіне сай жаңа құжатқа өлім жазасына қатысты өзгеріс енгізуге мүмкіндік болмапты. Яғни, әзірге еліміз ең қатал жазадан бір жолата бас тарта алмайды. Қазір Қазақстанда өлім жазасына мораторий жарияланған.