Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"@TamimBinHamad, сізді #FIFAWorldCup додасын сәтті өткізулеріңізбен құттықтаймын. Бұл турнир әлемдік футбол тарихында биік рухтың, әділ ойын мен қатарлықтардың ерекше қонақжайлығының белгісі болып қалады", — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, Катарда өткен футболдан әлем кубогі мәресіне жетті.Финалдық кездесуде Аргентина құрамасы пенальтиден Франциядан басым түсіп, жеңіске жетті.