Бұл туралы Астанада ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың аймақаралық І кеңесі барысында мәлім болды.
Тоқтала кететін жайт, ағымдағы жылдың маусым айында ЮНЕСКО-ның халықаралық үйлестiру кеңесiнің шешімімен Қазақстанның «Қатонқарағай» және «Ақжайық» табиғи паркi ЮНЕСКО Бүкiләлемдiк биосфералық резерваттар жүйесiне енгiзілген екен. Осыған орай, Ұлттық комиссиялардың бiрiншi өңiраралық кеңесi барысында арнайы сертификатты ЮНЕСКО Бас директорының өкiлi Эрик Фальт Қазақстанның Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровқа табыс етті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, екі табиғи парктен бөлек биыл Қазақстанның 8 нысаны ЮНЕСКО әлемдік мұралар қатарына өткен. Сонымен бірге, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай тараптары бірлесе дайындаған «Ұлы Жібек жолы: Жібек жолының бастапқы бөлігі, Тянь-Шань дәлізі бағыттарының жүйесі» жөніндегі сериялық трансшекаралық номинациясының ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді.
Еске салайық, Астанада ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың аймақаралық І кеңесі өтуде. Шараға ЮНЕСКО-ның барлық бес өңірлік топтарынан, атап айтқанда, Араб мемлекеттері, Азия және Тынық мұхиты, Еуропа және Солтүстік Америка, Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен 125 мемлекеттің Ұлттық комиссияларының өкілдері қатысуда.