Жарияланды: 390

Қаза тапқан полицейлердің отбасыларына материалдық көмек көрсетілді

Ақтөбе облысында полиция қызметкерлерін өлтірген қылмыскерлерді іздеу және оларды ұстау шаралары аяқталды.

Ішкі істер департаментінің қаза болған қызметкерлерінің отбасыларына жан-жақты қолдау және материалдық көмек көрсетілді. Қызмет борыштарын атқару кезінде Темір аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері полиция сержанты Нұрлан Алпысбай пен аға сержант Айдос Боранбаев, «Арлан» арнайы жасағының жауынгері, полиция аға лейтенанты Руслан Жолдыбаев, «Сұңқар» арнайы жасағының бөлім басшысы, полиция майоры Айболат Иманбаев оққа ұшқанын, тағы бес тәртіп сақшысы түрлі жарақат алғанын ақпарат сөздері бұған дейін хабарлаған болатын. Облыстың атқарушы органдары осы қылмыстың бетін тезірек ашу үшін құқық қорғау органдарына барлық қажетті материалдық және техникалық көмекті көрсетті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен. Өткен аптада ішкі істер органдары мен «Сұңқар», «Бүркіт», «Арлан» және СОБР арнайы жасақтарының бірлескен күшімен 9 адамнан тұратын қылмыстық топтың көзі жойылған болатын, олардың алтауы - іздеу жарияланғандар. Кеше осы қылмыстық топтың тағы екі мүшесі ұсталды, тергеу жүргізілуде. Облыс әкімі Елеусін Сағындықов қызмет борышын атқару кезінде қаза болған қызметкерлердің отбасыларына көңіл айтты, әкім кеше сондай-ақ жараланған тәртіп сақшыларының да көңілін сұрап шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін