Қазақ батальонының инженерлік -саперлік отрядының алғашқы тобы бүгін Иракқа аттанады
Бүгін, 19-тамызда Қазақ батальонының инженерлік -саперлік отрядының 14 әскери қызметкерден құралған алғашқы тобы Алматыдан Иракқа аттанады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Отрядтың жалпы құрамы 27 адамнан тұрады. Қазақстандық бөлімше халықаралық одақтың тұрақтандырушы күштері құрамында әрекет етеді. Отряд құрамында борышын шарт негізінде өтейтін әскерилер, офицерлер мен аудармашылар бар.
Инженерлік-саперлік отрядтың басты міндеті - жарылғыш заттар құрылған алаңдарды залалсыздандыру болып табылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін